Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде, 2024 - 2025 оқу жылының 24 ақпан күні, 1 наурыз алғыс айту күніне орай, аптаның алғашқы оқу күні 1 «А» сынып жетекшісі Ескараева Сулухан Еркебаевна «Алғыс білдіру - ең асыл сөз» атты тәрбие сағатын өтумен бастады.
Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларды кішіпейіл, ізетті болуға тәрбиелеу. Ризашылық пен сыйластық түсініктерін кеңейту. Осы орайда оқушылар ата - аналарына, мектеп қызметкерлеріне, бір - біріне, ұстаздарына алғысын білдіріп, құттықтау хаттарын табыстады. Сабақта видеоролик көрсетіліп, мозайка құрастыру, гүл күлтешесіне тілектер жазу әдістері қолданылып және оқушылар ойларымен бөлісіп, сыйластық, біртұтас тәрбие бойынша бірлік пен ынтымақ құндылықтар туралы түсініктері кеңейтілді.
“Егер сізге өз ісіңіз ұнаса - сіз міндетті түрде мақсатқа, табысқа жетесіз”, - деп Альберт Швейцер айтқандай алдағы күндерде де ұстазымыздың еңбегіне табыс тілейміз.