Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025жылдың 28-ақпан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, елдегі халықтар арасындағы достықты нығайту, тарихи қиын кезеңдерде бір-біріне көмек көрсеткен халықтардың бірлігін сақтау мақсатында 1-Наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-парызым!» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік жиынды мектеп директоры Сариев Нұржан Тасмұратұлы ашып, Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын, мейірімділік пен бірлікті дәріптейтін ерекше күн екенін айтып, барша ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, жүрекжарды алғысын білдірді. Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген мұғалімдердің қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, ұжымға сәттілік тіледі.
Мерекелік іс-шарада оқушылар ән салып, би билеп өз алғыстарын білдірді.