Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде "Алаяқтықтың алдын алу жолдары, интернет желісіндегі алаяқтардан сақтану" тақырыбында жиналыс болып өтті. Жиналысты мектеп директоры Е.Акбердиев жүргізіп, Алаяқтықтың арбауына түсіп қалмау және алдын алу жолдары, Интернет желісіндегі алаяқтардан сақтану жайлы түсіндірме жасады.
Алаяқтық Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керектігін, алдау және сенімге кіру жолымен басқа да қылмыстар жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылатынын айтты. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жан-жақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет екенін ескертті. Қылмыстық жауапқа тарту және айыпты деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағаның анықтап алу қажеттігін айтты. Алаяқтық жағдайында ақша қол сұғушылықтың басты заты болып табылады. Ақшаны заңсыз алу үшін қылмыскер әдетте болашақ жәбірленушіге шын мәнінде орын алған тәрізді оқиғалар мен жағдайлар туралы, немесе іс жүзінде орын алғанымен, бұрмаланған деректер туралы мағлұмат береді. Осы мақсатпен көбінесе өте қу амалдар қолданылатыны жайлы түсіндірді. Жалпы, алаяқтардың арбауына түсіп қалмаудың жолын түсіндірді? Ол үшін алдымен алаяқтық дегеннің не екенін түсініп алудан артықтығы жоқ екенін ескертті. Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, иә болмаса бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс болып табылатынын айтты.
Алаяқтықтың негізгі принципі – өзі құрбан етіп отырған адамды алдау, сол арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады. Олар өз әрекетін алдын ала тізбектелген жоспар арқылы іске асырады. Оның тәсілдері мүлде қарапайым болуы да мүмкін. Кейде олар, топ болып әрекет етіп, өз құрбандарын алдын ала жоспарға сәйкес үгіттеп, алдайды. Олар адамның бір нәрсеге қызыға қарау, әуестік тәрізді психологиялық ерекшелігін ескеріп, соны пайдаланып кетеді. Алдау-арбау, сенімге кіру арқылы кейбір қылмыскерлер бөтен адамның мүлкін, ақшасын алып пайдаланып кетеді. Осындай “бойы бұлғаң, сөзі-жылмаң” адамдардан сақ болу керектігін түсіндірді.
Сонымен қатар, интернеттегі алаяқтықты жүзеге асыру барысында қылмыскерлер өздерін банк қызметкері немесе банктің қауіпсіздік қызметі ретінде таныстыратынын, жалған электронды чек пайдалану, сатып алу туралы хабарландыру, жарнамалық желілер арқылы тауарларды жарнамалау және сату және онлайн-кредиттерді ресімдеу арқылы жасайтынын айтып өтті. Интернет - қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертті:
-паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін,
-пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет.
- жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу;
- кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау;
- тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу;
- белгісіз адамдарға ақша аудармау;
- күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау;
- банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу;
- өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау;
Көрсетілген мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда ,оларға алдағы уақытта микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде олардың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік беретінін айтты.
Сөз соңында «Сақтықта қорлық жоқ»,-демекші алаяқтардың құрбанына айналмас үшін ешқашан алдын-ала төлем жасамаңыз.
Картаңызды ,жеке счетыңыздың мәліметтерін ешкімге бермеңіз.
CV код пен құпия сөзді жасырын ұстаңыз. Белгісіз нөмірлерден сіздің ұтысқа ие болғаныңызды айтып хабарласатын болса, ешқашан сенбеңіз.
Банк картасына немесе электрондық әмиянға ақшаны қайтару мүмкін емес, екендігін есте сақтаңыздар деп ,айтты. Күмәнді сілтемеге өтпеңіз. Алаяқтардың арбауынан сақ болайық! Барлық жағдайда абай болыңыз деп ескертті.