Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 21.06.2023 жылы сағат 10:00 де Акт залында 11 сынып бітірушілеріне салтанатты түрде аттестат тапсыру мерекелік іс-шара өткізілді. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Е.Акбердиев пен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Оңалбаеваға берілді. Бітіруші түлектерімізге ақ жол тілеп, осы сәттен бастап үлкен өмір жолына, жаңа бағытқа жолдама алып отырғандарын және мектеп ұстаздары соған тілекші екендігін жеткізіп, сәт- сапар деп жылы лебізін білдірді. 2022 - 2023 оқу жылында 34 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебімізден қанат қақты. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегерлері Жасұзақ Айша мен Дәурен Нұрдәулет "Үздік аттестат" иегерлері Зейлбек Айжамал мен Садвақас Раушан Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинап, мектебіміздің үмітін ақтап , ұстаздар мен ата – ана мерейін үстем қылды.