ТІЛ МЕРЕЙІ, ЕЛ МЕРЕЙІ
Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт мақтанышы. Оның әр еңбегі бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін жазылған. Асыл азаматтың алтын қаламынан тамған ақ өлеңдей сөздері ұлт жадында.
Бүгін ұлт ұстазының туған күні!
Білімді жастар білімге құштар болуға, ел мүддесіне қызмет істеуге серт беретін күн!
Сонымен қатар, осы күнге орайластыра белгіленген Тілдер мерекесі.
Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Тіл - достықтың кепілі» атты тілдер апталығы ашылды.
Апталық шарасында оқушылар үш тілде ән айтып, өлеңдер оқып, би биледі. Аталған апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары еліміздегі барша халықтың тілін, мәдениетін, тарихын, салт - дәстүрін қорғауға бағытталған түрлі іс - шаралар өтетін болады.