АҚПАРАТТЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектепте «Ақпараттық ортадағы қаіпсіздік» атты тақырыпта жиналыс өтті. Жиналысқа мектептің 7-11 сынып оқушылары және ата-аналар мен мұғалімдер қатысты. Жиналыстың мақсаты цифрлық алаяқтықтан сақтандыруға, оларды құқықтық және қаржылық сауаттылық тұрғысынан ақпараттандыруға бағытталды.
Аталмыш жиында қазіргі қоғамдағы ақпарттық қауіпсіздік, алаяқтықтың алдын-алу мәселелері сөз болды.
Өз кезегінде мектебіміздің педагог-психологы Нүргүл Қалмұратова баяндама оқып, оқушыларды сақ болуға шақырды. Оқу жылы басталғалы бері алаяқтар оқушыларға қоңырау шалып, өздерін мұғаліміңмін деп таныстырып, күнделікті жаңарту үшін телефоныңа 4 цифирлы код жібердім, айтуыңды өтінемін деген сияқты неше түрлі құйтырқы іс-әрекеттерімен оқушыларды алдап арбауда. Және де жиын барысында оқушыларға алаяқтардан қалай сақтану керек екені жайында бейне-роликтер көрсетілді. Сондай-ақ, интернеттегі бөтен сайттарға барынша кірмеу керек екені түсіндірілді.
Жиынды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Айгүл Байқоңырова мен Нұрболат Ділдабек қорытындылап, қаржылық сауаттылық жайлы кеңінен айтып өтті.