Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұлы ғалым, ағартушы, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Аққан жұлдыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, ғылыми еңбектері мен қазақ халқының рухани дамуына қосқан зор үлесі туралы кеңінен мағлұмат алды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өлеңдер оқып, көріністер қойып, танымдық тапсырмалар орындады. Шара оқушылардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Ашық тәрбие сағаты мазмұнды әрі тағылымды түрде өтті.