Аймақтық семинар: "Жыныстық тиіспеушілік – өзекті мәселелердің бірі"
3 желтоқсан 2025 жылы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ базасында маңызды тақырыпқа арналған аймақтық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын алу және отбасы, мектеп пен қоғамның осы бағыттағы рөлін күшейту. Сонымен қатар «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» аясында АББ әдіскері Г.Шамеева оқушыларға түсіндіріп өтті.
Шараны ДТЖО А.Байқоңырова жүргізді. Семинардың ресми ашылуын АББ әдіскері Г.Шамеева жасады.
Семинар барысында әлеуметтік педагог А.Эстемесова «Отбасының, мектептің және қоғамның ерте жүктіліктің алдын алудағы рөлі» тақырыбында мазмұнды баяндама ұсынды. Сонымен қатар мектеп медбикелері А.Рахимова мен М.Есходжаева қатысушылар назарына «Ерте жүктіліктің зардабы» бейнеролигін көрсетті.
Жыныстық мәдениет пен қауіпсіздікке қатысты мектеп қыздарынан анонимді сауалнама алынып, 9–11 сынып оқушыларына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Жыныстық тиіспеушілік – өзекті мәселе» атты пікір алмасу мен постер қорғауды сынып жетекшісі Ғ.Ақылбекова ұйымдастырды. 8 «а» сынып оқушылары қыздарға ой саларлықтай көрініс көрсетті.
Сондай-ақ педагог-психологтар Л.Калиева мен Н.Халмуратова «Ерте жүктіліктің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, оқушылармен терең мағыналы жұмыс жүргізді.
Семинар қорытынды сөзін АББ әдіскері Г.Шамеева жасөспірімдер тәрбиесіндегі осындай кездесулердің маңызын атап өтті.
Бұл шара жасөспірімдер денсаулығын қорғауда, олардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруда маңызды қадам болды.