Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог - психологы Н.Халмуратова және қосымша білім беру педагогы А.Жумабекова оқушыларды буллинг және кибербуллинг, аутодеструктивті мінез - құлықтың, ерте жүктіліктің алдын алу және оқушыларға шабыт беріп, алға нық қадам басу үшін күйзелістен арылуға көмектесу мақсатында 9 - 19 желтоқсан аралығында “Психология әлемі” психологиялық апталығының іс - шара жоспарына сәйкес 13.12.2024 жылы “Адамгершілік - өмір қажеттілігі” тақырыбында дебат өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату, мейірімділік, ақылдылық, шыншылдық, қайырымдылық сынды адамгершілік құндылықтарды игеруге ықпал ету.