Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы,Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Адал азамат”Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп парламентінің Президент сайлауы өткізілді. Мектеп Президенттігіне 9-11сынып оқушылары арасында үміткерлер қатысып, сайлау алдында өз бағдарламаларын таныстырып өтті. Нәтижесінде 11"А"сынып оқушысы Ермекбай Нұрасыл көп дауыс жинап жеңіске жетті.Мектеп президенті болып сайланған Нұрасыл өзіне артылған жауапкершілікті сезіне отырып, оқушылар мүддесін қорғауға, мектеп өміріне белсене атсалысуға, түрлі шараларда көшбасшылық танытуға және өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын дамытуға уәде берді.