Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттарының мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дамыту болды.
Қазақстан Республикасының заңдары, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік мәселелері түсіндіріліп, интерактивті әдістер арқылы талқылаулар жүргізілді.