Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Г.Т. Жуманазарова
08.12.2025 жылы 4 “А” сыныбында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай “Абай мұрасы – ұрпаққа аманат” атты тәрбиелік шараны “Адал азамат” тәрбие бағдарламасы аясында жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізді.
Шараның мақсаты – Абай мұрасын насихаттай отырып, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар түрлі өнер және тәрбиелік мазмұндағы нөмірлерді көрсетті:
“Әсемпаз болма әрнеге” әні орындалды;
“Желсіз түнде жарық ай” хормен айтылды;
Ұлттық нақыштағы “Қамажай” биі биленді;
Абайдың қара сөздері мен өлеңдері мәнерлеп оқылды;
Ақынның 17-қара сөзі бойынша тәрбиелік мәні зор сахналық көрініс қойылды;
Патриоттық сезімді оятатын “Рух” әніне флешмоб ұсынылды;
Салт-дәстүрді дәріптейтін “Қоржын тарту” ойыны ойнатылып, қатысушыларға сыйлықтар таратылды.
Шара “Адал азамат” бағдарламасының келесі бағыттарына сай өткізілді:
Адалдыққа тәрбиелеу,
Еңбекке баулу,
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру,
Ұлттық мәдениетті құрметтеу,
Отансүйгіштік рухты арттыру.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың өнерін, білімге қызығушылығын арттырып, Абайдың асыл мұрасын терең түсінуге үлкен ықпал етті.