Түркістан облысы Шардара қаласы Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай 2024 жылдың 23 желтоқсан күні 9"Ә"сынып жетекшісі Б.Бегманова оқушыларға "Орта арнаулы және жоғары оқу орындарының ұсынатын мамандықтарын зерттеу" тақырыбында сынып сағатын өтті.
Мақсаты: 9 - сынып оқушыларына орта арнаулы және жоғары оқу орындарының ұсынатын мамандықтары туралы нақты мәлімет беру.
Оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін қажетті ақпараттармен бөлісу.
Әр оқушының қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби бағдарын анықтауға көмектесу.
Оқушыларды өз арманы мен мақсатына жету үшін жоспар құруға ынталандыру.
Мамандық таңдау арқылы болашақ өмір жолын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру. Сынып сағаты барысында оқушылар өз ойларын еркін білдірді. Кейбір оқушылар болашақта кім болғысы келетінін нақты айта алды (дәрігер, инженер, полиция қызметкері).
Қызығушылықтарына сәйкес салаларды атап, сол бойынша білім алғысы келетінін жеткізді. Кейбір оқушылар нақты кәсіби мақсаттарын айта алмаса да, өз қабілеттерін түсінуге тырысатындарын білдірді. "Өзіме ұнайтын іс тапқым келеді" немесе "жақсы табысы бар мамандықты таңдағым келеді" деген пікірлер айтылды. Оқушылардың көпшілігі ата-аналары мен мұғалімдерінің кеңесіне сүйенетінін айтты. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сынып сағатының тақырыбы бойынша қызығушылық танытты. Бұл олардың болашақ мамандық таңдауына алғашқы қадам жасағанын көрсетеді. "Мамандықты дұрыс таңдау - өміріңді дұрыс бағытта құрудың алғашқы қадамы.