Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

"Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ -де бейіндік және кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 8 сәуір күні 9"Ә"сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Н.Султанова өрт сөндіру бөліміне саяхат жасады.Саяхаттың негізгі мақсаты: өрт сөндіру мамандығына деген қызығушылық пен құрметті ояту. Бөлімнің азаматтық қорғау қызметкерлері оқушыларға өрт сөндіруші мамандығы жайлы мәліметтер беріп өтті.Сондай -ақ жауынгерлік киім заттарын, өрт құтқару жабдықтарымен, өрт сөндіру бөлімінің қарамағындағы өрт сөндіру машиналары, олармен жабдықталған заттарын қолдану жолдарымен толықтай таныстырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға тұжырымды жауап алды. Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап ететін, жауапкершілігі мол мамандық екендігін түсінді.