Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде математика, физика, информатика пән бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жасанды интеллект және білім: жаңа дәуір» атты апталық мазмұны терең, заманауи бағыттағы ашық сабақтармен жандана түсуде. Әр мұғалім өз пәнінің ерекшелігін тиімді пайдаланып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа білімге деген қызығушылығын арттыра білді.
Физика пәнінің мұғалімі М.Оразкулова 9 “Б” сыныбында «Ньютонның екінші заңы» тақырыбында тәжірибеге толы әсерлі ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар күш, масса және үдеу арасындағы байланысты нақты тәжірибелер арқылы зерттеп, заңның табиғаттағы және техникадағы қолданысын терең түсінді. Сабақ оқушылардың ғылыми ізденісін дамытып, физикаға деген қызығушылығын күшейтті.
Информатика пәнінің мұғалімі Омарова Жанат
6“Б” сыныбында SketchUp 3D редакторында «Конус, цилиндр және сфера құру» тақырыбында шығармашылыққа бағытталған ашық сабақ ұйымдастырды. Оқушылар үшөлшемді модельдеудің негізгі қадамдарын меңгеріп, кеңістіктік ойлау қабілетін дамытты. 3D нысандарды құрастыру барысында балалардың логикалық және конструкциялық дағдылары артты.
Информатика пәнінің мұғалімі Н.Нүрсейтова
3“Ә” сыныбымен Scratch бағдарламасында «Көріністер» тақырыбында қызықты ашық сабақ өткізді. Бастауыш сынып оқушылары код блоктарын пайдаланып, шағын анимациялар мен көріністер құрып, бағдарламалаудың алғашқы әдістерін үйренді. Сабақ оқушылардың шығармашылығын оятып, цифрлық сауаттылығын арттырды.
Сонымен қатар, математика пәнінің мұғалімі Г.Алимбекова 8-сынып оқушыларымен «Квадрат теңдеулерді шешу. Виет теоремасы» тақырыбында мазмұны бай, терең ойлануға жетелейтін ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар квадрат теңдеулерді шешудің түрлі тәсілдерін қолданып, Виет теоремасының практикалық маңызын есептер арқылы меңгерді. Бұл сабақ оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, математиканың сұлулығын терең сезінуге мүмкіндік берді.
Апталық барысында өткізілген әрбір ашық сабақ оқушыларға жаңа білім мен тәжірибе сыйлап, ұстаздардың кәсіби шеберлігін айқын көрсетті. «Жасанды интеллект және білім: жаңа дәуір» апталығы жас ұрпаққа ғылым мен технологияны үйлестіре үйретудің жарқын үлгісі болуда.