Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай 2024 ж. 9 сәуір күні 9"А" сынып оқушылары және сынып жетекшісі М.Оразкулова аудандық ішкі істер бөліміне саяхат жасады. Аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы М.Дуйсенов оқушыларды мекеменің тыныс- тіршілігімен, елі үшін адал қызмет атқарған полиция қызметкерлерінің ерліктерімен, сондай-ақ әр қызмет бөлімдерінің жеке жұмыс жүйелерімен толықтай таныстырып өтті. Мақсатымыз: Полиция қызмеркері болу жауапкершілігі мол әрі адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті мамандық екендігін, ішкі істер саласы қызметінің жүгі ауыр, жауапкершілікті талап ететін мамандықтың бірі екендігін ұғындыру.