Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 "А" сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Мырзаева және АӘД пән мұғалімі Н.Балғаевтың жетекшілігімен бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай Шардара аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне экскурсия жасады.Экскурсияның мақсаты:Оқушыларға төтенше жағдайлар қызметінің қоғамдағы маңызын түсіндіру;Өрт сөндіруші және құтқарушы мамандықтарымен таныстыру;Қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру;Болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру;Елге қызмет ететін жауапты салаларға қызығушылық ояту.Экскурсия барысында оқушылар бөлімнің жұмыс жүйесімен, арнайы техникасымен және өрт сөндіру қызметінің кәсіби киімдерімен танысып, қызметкерлерден маңызды мәліметтер алды. Бұл кездесу оқушыларға тек ақпарат беріп қана қойған жоқ — оларда елге қызмет ету, жауапкершілік сезімі және қауіпсіздікке деген саналы көзқарас қалыптастырды. Сонымен бірге құтқарушы мен өрт сөндіруші мамандығының қоғам үшін маңыздылығы жоғары адам өмірін қорғауға бағытталған жауапты қызмет екенін айқын көрсетті.