Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 “Ә” сынып оқушылары сынып жетекшісі С. Примжаровпен бірге кәсіби бағдар беру аясында Шардара ауданындағы "ХАМИТ" ауыл өндірістік кооперативіне танымдық саяхат жасады.
Оқушылар балық зауытындағы жұмыс үдерістерімен танысып,
– балық өсіру,
– оларды күтіп-баптау,
– өнім өндіру технологиясы
сияқты қызықты бағыттарды өз көздерімен көрді.
Саяхат барысында оқушылар өндіріс орындарының қызметі, еңбек бөлінісі және болашақ мамандықтар жөнінде құнды ақпарат алды. Танымды әрі әсерлі саяхат оқушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, жаңа білім көкжиегін кеңейтті