Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 - қазан Алтын күздің сәтті күнінде күзгі табиғат сұлулығын сезіне білу, ауыл диханының тынымсыз еңбегінің жемісін дәріптеу, күз-береке, мереке айы екендігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында 8 - 10 сынып оқушылары арасында «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы - 2024» байқауы ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушылары сахнада әртістікпен ерекшеленетін шығармашылық нөмірлерді ұсынуда үлкен жауапкершілік танытып, қабілеттерін көрсете білді.
Нәтижесінде жүзден жүйрік озған Бас жүлдені 8 «Ә» сынып оқушылары Мұсақызы Айкөркем мен Бектас Нұрқанат иеленді.
І Орын 9 «А» сынып оқушылары Құрманәлі Дияна мен Аман Жандос иеленді.
ІІ Орын 8 «А» сынып оқушылары Орман Ақниет пен Жарқынбек Абай 10 «Ә» сынып оқушылары Аманолла Мадина мен Бақыткелді Бақдәулет өзара бөлісті.
ІІІ Орын 10 «А» сынып оқушылары Абитхан Ұлдана мен Байыптанов Бексұлтан 9 «В» сынып оқушылары Осипова Анастасия мен Кирсанов Анатолий жинаған ұпайлары тең түсіп, өзара бөлісті.
Барлық оқушылар Алғыс марапаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Шәкірттерін дайындап, барын салған сынып жетекшілер мен ата-аналарына алғыс білдіреміз.