Түркістан облысы Шардара қаласы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Г.Бердибекова мен кәсіби бағдар беру педагогы Р.Сопбекованың жұмыс жоспарына сәйкес 17.12.2024 ж. күні 6 сынып оқушыларына "Оқушы тұлғасын зерттеу" бойынша сауалнама жүргізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін анықтау сонымен бірге жеке білім беру жоспарын құру үшін ұсыныстар беру. Қандай пәндерге қызығушылық танытатынын және қай бағытта дамытуға болатындығын анықтау. Шығармашылық қабілеттерді бағалау. Қызығушылықтары мен мотивациясын айқындау. Диагностикалық жұмыс оқушыларды тереңірек түсінуге және олардың қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттар оқушыны жан-жақты түсінуге және оның оқу және даму жолын тиімді жоспарлауға негіз болады.