Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
5-сынып оқушыларына психологиялық қолдау: Бейімделу кезеңіндегі диагностикалық жұмыстар
Жаңа оқу жылы — әр оқушы үшін үлкен өзгерістер мен жаңа белестердің бастауы. Әсіресе бастауыш буыннан орта буынға өткен 5-сынып оқушылары үшін бұл кезең ерекше маңызды.
Осыған орай, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологтары 5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделу деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізді.
Жұмыс барысында:
Оқушылардың эмоционалдық күйі,
Мектепке және сыныпқа деген көзқарасы,
Қарым-қатынас жасау дағдылары,
Өзін-өзі бағалау деңгейі сияқты маңызды көрсеткіштер сарапқа алынды.
Диагностика нәтижелері арқылы балалардың психологиялық жай-күйін тереңірек түсініп, қажет болған жағдайда дер кезінде қолдау көрсету мүмкіндігі артады.
Біздің мақсат — әр оқушы өзін қауіпсіз, сенімді әрі қолдау тапқан ортада сезінуі. Мектеп табалдырығын енді аттаған оқушылардың бейімделуіне жағдай жасап, олардың жаңа өмір кезеңіне қадам басуына көмек көрсету — біздің басты міндетіміз.
Алдағы уақытта осы жұмыстардың негізінде арнайы тренингтер мен психологиялық қолдау шаралары ұйымдастырылатын болады.