Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 27 қаңтар күні бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай 5 "А" сынып оқушылары аудандық балалар кітапханасына қызықты саяхат жасады. Саяхаттың басты мақсаты: Оқушылардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін кеңейту, кәсіби бейімділігін дамыту және болашаққа бағыт - бағдар беру.
Балалар кітапханада түрлі мамандықтарға арналған әдебиеттермен танысты. Кітапханашылар балаларға инженер, дәрігер, мұғалім, заңгер, кәсіпкер сияқты әртүрлі мамандықтар туралы қызықты ақпарат беріп, осы тақырыпқа арналған кітаптарды оқуға кеңес берді.
Саяхат барысында оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарды оқуға алып, кітапхана қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Бұл іс - шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың болашаққа деген ынтасын оятты.
Оқушылар саяхат соңында алған әсерлерімен бөлісіп, кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдірді. Мұндай танымдық саяхаттар балалардың болашақ мамандығын таңдауына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.