Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай, 5–7 сынып оқушылары арасында «Менің армандаған мамандығым» атты сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, өз қабілеттерін танып, армандары мен мақсаттарын бейнелеу өнері арқылы жеткізуге үйрету.
Іс-шараны "Қол өнер" үйірмесінің жетекшісі Г. Сейдалиева ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында нәтижелі жұмыс жүргізді.
Байқауға қатысқан оқушылар өз армандаған мамандығын түрлі бояу мен қиял арқылы бейнелеп, шығармашылық көзқарастарын көрсетті. Бірі дәрігер мен ұстаз бейнесін салса, енді бірі полиция қызметкері, құрылысшы, аспаз, ғарышкер сияқты түрлі мамандық иелерін суретке түсірді. Әрбір туындыдан балалық арман, еңбекке құрмет пен болашаққа деген сенім көрініс тапты.
Оқушылардың жұмыстары идеяның ерекшелігіне, тақырыптың ашылуына және көркемдік шеберлігіне қарай бағаланып, үздік жұмыстары I, II, III орын және арнайы номинациялармен марапатталды.
Осындай шығармашылық іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруда, өз қабілеттерін ашуда маңызды рөл атқарады.