Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 4"Ә"сынып оқушыларымен Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай ашық тәрбие сағаты өтті.Сынып жетекшісі Кадырбаева Айпаршын оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстырды.Сынып оқушылары Абайдың өмірі мен шығармаларына шолу жасап,ақынның өшпес мұрасын дәріптеді.Бұл сабақ барысында оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтып,кітаптарын оқып,шығармаларынан өнеге алуға ұмтылды.Абай еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып,жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандыратынын атап өтті.Әртүрлі қызықты тапсырмалар беріліп,қызығушылықпен тапсырмалар орындалды.ДЖЖО Байқоңырова Айгүл қорытынды сөз сөйлеп,оқушыларға шығармашылық шабыт тілеп,қорытындылады.