Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 4-сынып оқушыларымен «Кәсіптер әлемі» тақырыбында танымдық викторина өткізілді.Мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына әртүрлі мамандықтар туралы алғашқы түсінік беру, еңбекке деген құрметін арттыру және болашақ мамандық таңдауға қызығушылық ояту. Викторина барысында оқушылар дәрігер, мұғалім, полиция қызметкері, өрт сөндіруші, аспаз, құрылысшы сынды мамандықтар туралы сұрақтарға жауап беріп,суреттер арқылы кәсіп түрлерін ажыратты.Ойын форматында ұйымдастырылған викторина оқушылардың белсенділігін арттырып, логикалық ойлау, топпен жұмыс жасау және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Балалар өз армандаған мамандықтары туралы айтып, ерекше қызығушылық танытты.