Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 10 желтоқсан күні 3"А" сынып жетекшісі Ш.О.Уалиханова мен 3"Ә" сынып жетекшісі А.Ж.Шайманованың ұйымдастыруымен " Тәуелсіздік- тірегім" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымызды құрметтеуді үйрету.Тәрбие сағатында Ерали Айбардың " Ұланбыз Отанды қорғайтын", Ержігіт Раянаның "Көк тудың желбірегені" орындаған әндері оқушылардың бойына патриоттық сезімдерін оята білді.