Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «25 Қазан Республика күні» меркесіне орай оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар қалыптастыру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында «Менің Отаным Қазақстан» атты іс-шара ұйымдастырылып өтті. Маңызды шараны мектеп директоры Еркінәлі Дүйсенбайұлы ашып, айтулы мерекенің маңызына тоқталып, оқушыларды ұлт жанды патриот болып өсіп, терең білімді игеріп еліміздің экономикасын өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат болуға шақырды.
Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындалуымен басталды. Мектеп оқушыларының орындауында патриоттық әндер айтылып, ұлттық билер орындалды . Мәдеш Ниязбековтың сөзіне жазылған Өмірбек Байділдәевтың әні «Туған ел» әнін Хор ұжымы жоғарғы деңгейде орынады. Мерекелік іс-шараға ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысып, іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосты.
25 қазан Республика күні құтты болсын!
Ұйымдастырушы педагог: З. Тилеубердиева