Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы аудандық білім бөліміне қарасты Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 1 'А' сынып жетекшісі Кудайбергенова Нагима Опахановна ,1'Ә' сынып жетекшісі Ораз Ботакөз Жұмакелдіқызы, 2'Ә' сынып жетекшісі Әзтай Перизат Саттарқызы 23.10.2025ж күні 25 қазан - Республика күніне орай 'Республика менің тірегім' атты тәрбие сағаттарын өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге,тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеуге, Елін, Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге,тарихын білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды.
Отан, ел,жер,тіл туралы өлең шумақтарын мәнерлеп орындады.
"Мақал-мәтелдің жалғасын тап" ойыны мен қызықты тапсырмаларды жарыса орындап көрермендерді тәнті етті.
Сабақтың мақсаты өз дәрежесіне жетті. Оқушылардың Отанға, білімге деген құштарлығы арттыра түсті деген сенімдеміз.
Сабақ соңында "Елімнің ертеңгі иесі-біз"атты әнін оқушылар хормен нақышына келтіре орындады.
Тәрбие сағатын "Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар"- деп түйіндеуге болады.