Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б. Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 07-11 қазан аралығында мектепішілік ағылшын тілі апталығы болып өтті.
7 - қазанда сап түзеуде апталықтың жоспарын, тақырыбын, мақсатын ағылшын тілі бірлестігінің жетекшісі Л.Нұрымбетова таныстырып өтті.
8-қазанда 5"Б" сыныбына Г. Маханова "Animals" тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақ өте жақсы дәрежеде өтті. Сабақта пән аралық байланысты өте керемет қолдана білді. 6 "А" сыныбына Ғ. Ақылбекова "Countries, nationalities and languge" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім оқушылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасай отырып, оқушыларды ынталандыра білді.
9 - қазанда 9 "В" сыныбына А. Казбек " Present Countinouns Tense" тақырыбында ашық сабағын өз дәрежесінде өткізсе. Л.Нұрымбетова 7 - сыныптар арасында "I know English" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шара өте қызықты, оқушылардык дайындығы деңгейде екенін көрсетті. Сабақ топтық жарыс түрінде өткізілді.
10 - қазанда А. Қожабай мен Г. Жәрдембаева апайларымыз "Funny English" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шара ойын түрінде, қызықты болып өтті. Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын тудырды.
10 - қазанда 3"Ә" сыныбына А.Қожабай " Numbers" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді.
11- қазанда 9 "А" сыныбына Г. Жәрдембаева " Sport and exercise" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді шебер қолдана білді.
11- қазанда апталықтың жабылуы болды. Апта бойы іс-шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Бұл апталықта ағылшын тілі ұстаздары жаңа оқытудағы әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың да оқуға деген қызығушылығын артты деген ойдамын. Бұл ағылшын тілі мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жеткен жетістігі деп білеміз.