Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shardada-sokpakbaev.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде 31.05.2023ж. күні Кудайбергенова Нагима апайымыздың жетекшілік етуімен 2"А" сыныбында " Отан отбасынан басталады " атты ашық сынып сағаты болып өтті.
Сынып сағатының мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекеттіміздің бір бөлшегі екенін ұғындыру және оқушыларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Адамға өмірде ең қымбатты ол отбасы. Мықты отбасы- мықты мемлекет. Тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ - отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі екендігін, оқушылар мақал- мәтелдер және нақыл сөздерді айта отырып , мақал-мәтелдердің жалғасын жарыса отырып таба білді.
Отан , отбасы туралы ұшқыр ойларын суреттер салып жеткізе білді. Ситуациялық жағдаяттар бойынша бірнеше сұрақтар және қызықты тапсырмаларды орындады. Сынып сағаттың екінші бөлімінде патриоттық әндер және ата- аналарға арналған өлең жырларды нақышына келтіре орындады . Сынып сағаты көтеріңкі көңіл күймен аяқталады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Байқоңырова апайымыз қатысып балаларға шығармашылық табыстар тіледі