Түркістан облысы Шардара қаласы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте 15.12.2025 күні. 2"А",2"Ә" оқушыларымен "Тәуелсіз ел-жарқын болашақ " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға Тәуелсіздік ұғымының маңызын ұғындыру, елін, жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Тәуелсіздік-елдің болашағы ұғымын түсіндіру, елдің өткен тарихына шолу жасап, егемендікке қалай қол жеткізгеніміз туралы мағлұмат беру.
Сынып оқушылары: Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтты, ән шырқады. Шағын көріністер арқылы ел бірлігі мен батырлар ерлігін сахналады. Сонымен қатар, оқушылар «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында өз ойларын айтып, суреттер салды.