13-қыркүйек күні жас ұрпақты ата –бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өрісін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпақтарға ана тіліміздің қадір-қасиетін, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды көп алдында еркін сөйлеуге баулу.
Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік тіл-ұлт бірлігінің факторы» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік жиынды мектеп директоры Г. Ганиева ашып берді. Онда оқушылар Тіл –әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды көрінісі, халық тарихы мәдениеттің даму жолы. Тіл мерекесінің 5-қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы-тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Барша Қазақстандықтарқазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлауда екенін ұғынды.