Түркістан облысы, Шардара ауданы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бейіндік оқыту кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сай 2024 ж 12 сәуір күні Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Микробиология",вирусология және иммунология" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Қожахметова Зубайра Әмірбекқызының бастамасымен 11 сынып оқушыларына, Қазaқ Ұлттық аграрлық зерттеу университетіне виртуалды саяхат жасалды.Саяхат барысында: оқушылар бейнероликтер арқылы Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеттінің оқу бөлімдерімен, оқу бағдарламаларымен танысты.ҚазҰАЗУ Әлемдік "QS Asia" рейтингісінде үздік оқу орындардың қатарында, Орталық Азия бойынша 6 орында, Қазақстан бойыша 5 орында тұратын жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылатындығы, университет агроөнеркәсіптік кешен, экология, табиғат ресурстарын пайдалану, IT- технология, энергетика, логистика, бизнес және басқару салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлайтын оқу орны, сондай ақ университеттің студенттері шет елдің жоғарғы 6 жетекші жоғарғы оқу орындарында қатар оқу арқылы халықаралық стандарттық үлгідегі екі диплом алу мүмкіндігіне ие болатындығы, өз құрамындағы 5 ғылыми зерттеу институты мен тәжірибелік шаруашылықта дуалды білім беруді жүзеге асырған бірегей зерттеу университеті екендігі жайында толық мәліметтер алды.