Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 1 - 11 сынып бойынша "Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларды жаппай қауіпсіздік шараларымен таныстыру мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Түсіндірме жұмыс кезінде түрлі әдіс - тәсілдер қолдана отырып, оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтау сауаттылықтарын арттыру жолға қойылды. Сондай - ақ, АӘД пәні мұғалімі Н.Балғаев пен 10 сынып сыныпжетекшілері А.Сайманова мен Қ.Мелдеевтің ұйымдастырумен «Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілік" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сабақта Қазақстанда Азаматтық қорғаныс саласының қалыптасуы мен дамуының тарихы сөз болды, Верный, Спитак, Ленинакан (Армения), Түркия қалаларында болған жойқын күшті жер сілкінулер жайында деректі фильмдер көрсетіліп, қатысушыларға ескертулер, ережелер берілді және түсіндіру шаралары жүргізілді. Оқушылардың күнделікті тіршілігімен байланыстыра өткізіліп, өз ойларымен бөлісті.